CompuBox соққылар санау жүйесінің Twitter-аккаунты мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жектерде ең дәл соққылар жасаған боксшылардың есімдерін жариялады.
Рейтингте орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин көш бастады, деп хабарлайды Sports.kz.
Бүгінгі күндегі ең жоғары көрсеткішті орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Сауль Альвареспен болған екінші айқаста көрсеткен. GGG 234 соққы берген. Екінші орынға Флойд Мэйвезер жайғасса, үшінші орынды қайтадан Головкин иемденді. Аталған орында бұл жолы GGG «Канеломен» болған алғашқы жекпе-жектегі 218 соққысы үшін алды. Әрі қарай орындарды Шейн Мозли (183) мен Лавмор Нду (175) алды.
«Канелоның» соңғы қарсыласы Каллум Смитке келер болсақ, британдықтың соққыларының тек 18% -ын, нақтырақ айтсақ 536-ның 97-ін дәл соққан.
Еске сала кетейік, төрешілердің бірауыздан шешімімен жекпе-жекте Альварес жеңіске жетті.
Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегінде поляк боксшысы Камил Шеремета жетінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, айқас GGG-дің жеңісімен аяқталды. Осылайша, Геннадий IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын сәтті қорғады.