07 қар, 2022 сағат 13:50

"Канело" комаға түскен Ербосынұлына қолдау білдірді


Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпиоы Сауль "Канело" Альварес кубалық Давид Моррелмен жекпе-жектен кейін ауыр халде емханаға түскен қазақстандық Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді, деп жазады "Ұлт ақпарат".

"Сен менің дұғамдасың, бауырым", - деп жазды ол Instagram әлеуметтік желісінде.


Еске салайық, Ербосынұлы Моррелге қарсы кездесудің 12 раундында нокаутпен жеңілді. Жекпе-жектен кейін дәрігерлер қазақстандық боксшыны зембілмен алып кеткен. Кейін оны Хеннепин (Миннесота штаты, АҚШ) аймағындағы медициналық орталыққа жатқызған. Содан соң отандасымыздың миына қан кеткені анықталды. 

Ал, жексенбі күні кешке операция жасағаны белгілі болды.