24 мам, 2022 сағат 13:28

Канело Головкинмен жекпе-жек өткізуге неге келіскенін түсіндірді


Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге неге келіскенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Канело негізі WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпион, ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ мексикалық келісімді бұзбауға шешім қабылдаған.

"Біздің қолымызда Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы келісім-шарт бар. Сол келісімді бұзбай бастаған ісімізді аяқтауымыз керек. Менің ойымша, Головкин және Биволмен өткен жекпе-жек бүгінгі бокстағы тарихи оқиға. Алда Биволмен кездесу өте ме? Әрине, мен одан жеңілдім. Бірақ бұл менің әлсіздігімді білдірмейді. Спортта табандылық өте маңызды. Алда міндетті түрде онымен де жекпе-жек өткізетін боламыз.

Әзірге ең бастысы қыркүйекте рингке оралу. Головкинмен болатын жекпе-жектің нақты уақыты жақын күндері ресми түрде жарияланады. Сәл күту керек", - деп Альварес.

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек супер орта салмақта өтеді деп күтіледі. Мексикалық үшін бұл абсолютті чемпион атағын бірінші рет қорғау болмақ.