18 қыр, 2022 сағат 16:58

"Канело" Головкинмен айқаста жарақат алды

©twitter.com/MatchroomBoxing

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы үшінші жекпе-жегінде сол қолын жарақаттап алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Енді оған ота жасалады. 

"Сол қолыма ота жасату керек. Тіпті ыдыс та ұстай алмаймын. Жағдай қиын, бірақ мен - жауынгермін", - деді Альварес жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Трилогия бүгін Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.