25 қаң, 2023 сағат 12:41

Қандай шешім қабылдайтынын Президент өзі шешеді - Әшімбаев

Фото: Sputnik Қазақстан

Сенатор Мәулен Әшімбаев Парламенттің жоғарғы палата спикері кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін журналистер Әшімбаевтан Сенат төрағасы кім болатынын сұрады.

"Мұндай шешім - Президенттің құзіретіндегі шешім. Біздің заңнамаға сәйкес, Президент спикерді ұсынады, содан кейін депутаттар дауыс береді. Қандай шешім қабылдайтынын Президент өзі шешеді", - деп жауап берді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев 2020 жылғы мамырдан 2023 жылғы қаңтарға дейін алтыншы шақырылымдағы Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарды.