Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) мен бразилиялық Робсон Ассис (16-3-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жекпе-жек небәрі бір раундтқа созылды. Қанат кездесуді қарқынды бастады. Алғашқы сәттердің бірінде-ақ қабағын жарақаттап алған боксшымыз қарсыласын бұрыштан бұрышқа қуалап жүріп, соққыларын дарытты. Раундтың соңғы секундтарында Қанаттың оң қолымен сермеген жұдырығы қарсыласын шалқасынан құлатты. Бұл соққыдан Робсон есеңгіреп, тұра алмады.
Кезекті жеңісінен кейін қазақстандық боксшы қазақстандықтарға алғысын айтты. Қанат Исламның сөзінше, оған жарақатына байланысты жекпе-жекті бірден аяқтау керек болған. Осылайша, отандасымыз бірінші раундта бар күшін салып, кездесуді өз пайдасына шешуді тырысты. "Барлығы біз жоспарлағандай болды. Енді бізді Астанада тағы үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Елбасы Астанада EXPO кезінде жекпе-жек өткізуге шақырды. Алғысым шексіз!", - деді қазақстандық боксшы дүйім жұртқа алғыс білдіре отырып.
Боксшылардың кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өткен болатын. Бұл әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші кездесуі.
Айта кетейік, бүгінгі рейтингтік жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.