21 ақп, 2021 сағат 10:52

Қанат Ислам «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) қарсыласы эквадорлық Джейсон Минданы (14-3-1, 8 КО) 7 раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сонымен КОТV платформасында тікелей эфирден көрсетілген жекпе-жек 10 раундқа созылуы тиіс болатын. 

Алайда айқас барысында Қанат Исламнан екі рет нокдауын алған Джейсон Минда 7 раундта нокаутқа түсіп қалды. 

Жеңістен кейін сұхбат берген Қазақстан боксшысы мексикалық Сауль Альваресті (54-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шақырды. 

«Канело», vamos! Сен мені көріп отырсың, бақыттысың, мені жақсы көресің! Кел, жекпе-жекке шығайық», - деді Қанат Ислам.