22 сәу, 2021 сағат 13:54

Канада әйелдер хоккейінен әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткізілмейді. Бұл туралы olympic.kz сайты хабарлады.

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемдік турнир 6-17 мамыр аралығында Канадада өтуі тиіс еді. 

«Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бізге мұндай шешім қабылдау қиын», - дейді IIHF басшысы Рене Фазель. 

Айта кетелік, әлем чемпионатын қабылдайтын Жаңа Шотландия провинциясы коронавирус індетіне байланысты турнирді өткізуден бас тартқан. 

Былтыр өтуі тиіс болған турнир қатарынан екінші рет ұйымдастырылмай отыр. 

Әлем біріншілігі Олимпиада ойындарына байланысты 2022 жылы да өткізілмейді.