27 ақп, 2021 сағат 22:10

Қоңқабаев кәсіпқой бокста үшінші мәрте жеңіске жетті

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін ол Алматы қаласында өткен WBO Asia Pacific бос титулы бойынша ресейлік Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Дегенмен алтыншы раундтан кейін ресейлік боксшы сайысты жалғастырудан бас тартты. 

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпқой бокста Қамшыбек Қоңқабаев екі мәрте шаршы алаңға шығып, екеуінде жеңіске жетті. Дегенмен бүгін алғаш рет титулдық жекпе-жек өткізді. 

Алғаш ресейлік Иса Акбербаевтан айласын асырса, одан кейін украиналық Сергей Радченконы тізе бүктірді.