Поляк боксшысы Камил Шеремета әлем чемпионы Геннадий Головкиннен жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Мен осы жекпе-жектің оңай болмайтынын және әрбір соққының ауыр болатынын сездім. Иә, құлаған кездерім болды. Бірақ мен тұрып, жекпе-жекті жалғастыруды қаладым. Ал жетінші раундтан кейін төреші бізге жақындап, менің денсаулығым үшін жекпе-жекті тоқтататынын айтты. Осы тұрғыда дұрыс шешім болды. Мен 12 раундқа дейін шыдасам да, жекпе-жектің нәтижесін өзгерте алмайтын едім", – деп жазды Шеремета өзінің Facebook парақшасында.
Оның сөзіне қарағанда, ол жетінші раундқа жақын ауыр әрі таза соққы алған. Осыдан кейін Шеремета батыл жүректің арқасында ғана күресті. Ал Головкин жоғарғы лига екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
"Мен жеңілдім. Бірақ үлкен тәжірибе алдым және ол менімен бірге қалады. Шынымды айтсам, бұған дейінгі 21 жекпе-жектен гөрі дәл осы жекпе-жектен көп тәжірибе алып шықтым", – дейді Шеремета.
Боксшы әзірше алдағы жоспар жайында ойлағысы келмейтінін де жазды. Ең алдымен отбасыма барып, демаламын дейді ол.
Айта кетейік, соңғы жекпе-жекте қазақстандық боксшы IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 21-ші рет қорғап шықты. Бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады. Бұған дейін танымал боксшы Бернард Хопкинс IBF белбеуін 20 рет қорғаған. Ал GGG одан асып түсті.