26 там, 2020 сағат 13:01

Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету әрекеттері тыйылмай тұр- ғалым

Соңғы жылдары кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар көбейді.

Бұл туралы ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Серік Қаржаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Соңғы жылдары мұндай қылмыстар көбейіп келеді және статистика мұны растайды. Мысалы, кейбір аймақтарда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтардың саны артып келеді», - деді Серік Қаржаубаев елордада өткен халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияда.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарында байқалады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы ҚР ҚК-нің 120-бабы бойынша 1004 құқық бұзушылық жасалды, оның 158-і кәмелетке толмағандарға қатысты.

«Статистикалық мәліметтер кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтардың үнемі өсіп отыратынын көрсетеді», - дейді ол.