11 ақп, 2022 сағат 15:10

Қамаудағылардың жартысына жуығының артынан іздеп келетін адамы да жоқ - заңгер


Қамауда отырған адамдардың жартысына жуығының адвокат жалдамақ түгілі артынан іздеп келетін адамы да жоқ Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан бойынша 800-ден астам қамауда отыр. Олардың барлығында адвокат жалдауға мүмкіндігі бар деп ойласасаңыз қателесесіз. Жартысына жуығының адвокат жалдамақ түгілі артынан іздеп келетін адамы да жоқ. Айтсақ, еңбегімізді бұлдағандай көрінетін шығармыз. Бірақ, бір азаматтарға айтып тамақ та жеткізіп беріп жатырмыз. Алматыда 68 адамды шығарып алдық. Бір күнде 10-15 адам шығып жатты. 10 адам шықса, үшеуінің артынан келетін адамы жоқ. Оларды орналастырумен де айналыстық», - деді Абзал Құспан брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.