31 қаң, 2019 сағат 15:57

АҚШ сенаторлары Қамаудағы ұйғыр ғалымын Нобель сыйлығына ұсынды

Ұйғыр ғалымы, құқық қорғаушы Ильхам Тохти сот залында отыр. Үрімжі, Қытай, қыркүйек 2014 жыл.

АҚШ-та бір топ депутат Қытайда түрмеде отырған ұйғыр ғалымы Ильхам Тохтидің кандидатурасын бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды. Республикашыл сенатор Марк Рубио мен Вермонт штатынан сайланған тәуелсіз сенатор Берни Сандерс конгресс жанында жұмыс істейтін Қытай жөніндегі қоспартиялы атқару комиссиясының Тохтидің кандидатурасы туралы хатына қол қойды.

"Бұл ұсыныс дәл уақытында жасалды деуге келмейді. Себебі, Қытай үкіметі мен коммунистік партиясы адам құқығын өрескел бұзуын тоқтатпай отыр. Оның үстіне бір милилоннан астам ұйғыр мен мұсылман этникалық аз ұлттар өкілдері "саяси қайта оқыту лагерьлеріне" жабылған" деді Марк Рубио.

"Комитет Ильхам Тохтидің ұйғырлар мен қытайлар арасындағы этникалық келісім мен түсіністікке бейбіт түрде қолдау көрсету талпынысын мойындайды" деді ол.

Нобель комитетінің төрағасы Берит Рейсс-Андерсеннің және комитет мүшелерінің атына жазылған хатта конгресмендер "Біз 2019 жылы комитетті Қытайдағы адам құқықтары мен бейбітшілік жолында зорлық-зомбылықсыз күрестің көрінісіне айналған Тохтиден артық ешкім мойындатқан жоқ деп санаймыз" дейді.

Тохти 2014 жылдың қыркүйегінде "сепаратизм" айыбымен өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген. 49 жастағы ғалым дәрістерінде айтқан пікірлері және сұхбаттарында Қытай билігінің Шыңжаң өлкесіндегі мұсылман ұйғырларға қатысты саясатын сынағаны үшін сотталған.