12 мау, 2024 сағат 21:04

KamaTyresKZ шина зауытында мыңнан астам жұмыс орны ашылады


Қарағанды облысының Саран қаласында KamaTyresKZ шиналар шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды. 2021 жылдың сәуірінде басталған құрылыс мерзімі жағынан рекордтық жылдамдықпен салынып, 36 айдың ішінде тұрғызылды. 

"Қазақстанда бұрын соңды болмаған ең үлкен кәсіпорын ашылып жатыр. Бұл жерде біз жеңіл көліктерге және жүк көліктеріне арналған шина шығаратын боламыз. Яғни, басынан бастап резинадан дайын шинаға дейін өндіреміз. Осы жылы бір миллион жиырма мың шина шығаруға дайынбыз. Қазіргі уақытта іске қосу жұмыстары аяқталды. Бұл жерде тұрақты жұмыс орындары бар. Қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Қанша зауыттарда жұмыс істедік, дәл осы жердегідей жұмысшыларға жағдай жасаған кәсіпорынды көрген жоқпын. Мұндай зауыт Қазақстанда ең бірінші деп айтуға болады. 
Кәсіпорында ай сайын 37 мың шина шығару жоспары тұр. Қазір жоспарға сай жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жылы миллионнан астам шина дайындаймыз деп жоспарлап отырмыз",  - дейді KamaTyresKZ шина зауытының компоненттер құрастыру цехының басшысы Саян Қуанышбеков.


Зауытта қазірдің өзінде 528 адам жұмыс істейді.  Оның 514-і Қазақстан азаматты болса, қалған  14-і маман шетелден тартылған.

"Қарағанды облысы бойынша он шақты серіктес қалалардағы жұмысшыларға арналған арнайы тасымалдау қызметі бар. Яғни, жұмысшыларды автобуспен үйлерінен алып кетеді. Сонымен қатар тамақтандыру жағынан жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік картасы арқылы түскі асты тегін ішуге болады. Кәсіпорын тарапынан медициналық сақтандыру, әлеуметтік пакет барлығы қамтамасыз етіліп отыр. Зауыт ішінде стационарлық амбулаториялық пункт жұмыс істейді. Егер жұмысшыға қандай да бір медициналық көмек керек болса бірден сол жерге бара алады. Біздің ендігі жоспарымыз осы жерде табанды еңбек етіп, отбасымызды қамтамасыз етіп, жұмыс барысында сатылап өсуді көздеп отырмыз, - дейді Саян Қуанышбеков.


Зауыт толық қуатқа шыққан кезде 1125 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар кәсіпорын әкімдікпен бірлесіп көрші қалалардан келетін қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.