21 там, 2022 сағат 15:56

Камару Усман сенсациялық жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады


UFC чемпионы титулынан айырылған америкалық Камару Усман ұлыбританиялық Леон Эдвардсқа қарсы қарымта кездесудегі жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол ендігі кезекте Эдвардстан кек қайтаруды көздейді.

"Чемпиондар арасында қателеседі... Бірақ біз ораламыз және кегімізді қайтарамыз!" - деп жазды Усман әлеуметтік желіде.

Бұдан кейін Камару тағы бір пост салды. 

"Мен бұл спорт түрін жақсы көремін. Түрлі жағдайлар болады, бірақ біз барлығын өзгертеміз. Эдварсты құттықтаймын!", - деді файтер. 

Қос спортшының кездесуі UFC-дің Солт-Лэйк-Ситиде өткен (АҚШ) 278-ші турнирінің бас жекпе-жегі болған еді. Камару күтпеген жерден жеңіліс тапты.

Естеріңізге сала кетейік, олардың алғашқы кездесуі 2015 жылы желтоқсанда Орландода (АҚШ) өтіп, сол кездегі UFC дебютанты Усман Эдварсты төрешілер шешімімен жеңген болатын