Израиль (Фото: Илья Ефимович / dpa / Global Look Press)
Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы 7 қазан таңертеңнен бері Израильді жаппай атқылап жатыр. Кемінде 15 адам жарақат алған, бір әйел опат болған. Миллиондаған адамға бомбадан қорғайтын орындардан кетпеуге кеңес берілген. ХАМАС мүшелері шекарадағы Израиль қалаларына кірген. Израиль қорғаныс армиясы кейінгі 50 жылда алғаш рет соғыс жағдайын жариялады, деп хабарлайды Азаттық.
ХАМАС жетекшісінің сөзінше, Израиль аумағына 5 мыңнан астам ракета жіберілген. Нәтижесінде Израильдің Гдерот қаласына ракета түсіп, 60 жастағы әйел қаза болған. Жарақаттанған 15 адамның екеуі ауыр жарақат алған.
Кусейф елді мекенінің билігі атқылаудың салдарынан төрт адам мерт болғанын, бірнеше адам жараланғанын айтты.
Израильдің көптеген қаласында дабыл іске қосылған, Тель-Авивтегі ғимараттарға ракета түскені хабарланды.
Израиль армиясы Газамен шекарадағы Сдеротқа ХАМАС мүшелері кіргенін хабарлады. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларға қарағанда, қалада атыс жүріп жатыр. Кей мәлімет бойынша, 7 адам қаза болған: оларды автобус аялдамасында атып кеткен.
ХАМАС тобы Израильге қарсы жаңа операция бастағанын жариялады. Топ өкілдері оған "Израильдің Иерусалимдегі әл-Ақса мешітін қорлауы" түрткі болған.
Израиль армиясы "соғысқа дайындық жағдайын" жариялады. Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант запастағы қызметкерлерді армияға шақыруды қолдап, Газа секторынан 80 шақырым аумақта төтенше жағдай жариялады. Оған Тель-Авив та кіреді.