#
#
Жұма 18/09/2020

Израильде әл-Фарабиге арналған ескерткіш тақта ашылды

  • 15.09.2020
  • 0
  • 77

Израильдің Хайфа қаласында туғанына 1150 жыл толған ұлы философ, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Салтанатты шараға Қазақстанның Израильдегі Құрметті консулы Дэвид Люксембург, ғалымдар, ЖОО басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Жиын барысында Қазақстанның Израильдегі елшісі Сатыбалды Бұршақов сөз сөйледі. 

«Шығыстың Аристотелі атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Ол - тек қазақ халқы ғана емес, әлем елдері үшін де атаулы мейрам. Сондықтан, осынау тарихи қалада ұлы ойшыл атындағы көше бойында ескерткіш тақта орнатылды. Бұл - әл-Фараби бабамызға деген құрметіміз», - деді елші. 

Салтанатты шараға онлайн режимде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов та қатысты. 

«Ұлы бабамыздың философиясы бізге және келер ұрпаққа үлкен мұра. Біз әл-Фарабиді тану арқылы әлемді танимыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ұлы ойшылдың өсиеті арқылы елііздің болашағын, жастарды тәрбиелеп отырмыз», - деді ол. 

Салтанатты рәсімге Халықаралық Түркі академиясының президенті, академик Дархан Қыдырәлі әл-Фарабидің адамзат руханиятындағы орнының ерекше екенін, сондықтан тарихи Хайфа қаласындаға ғұламаға арналған ескерткіш тақта орнатылуы еліміз үшін құрмет екенін атап өтті. 

«Әл-Фарабидің әлеуметтік философ ретіндегі маңызы зор. Оның әйгілі «Ізгі қала туралы» трактаты алдыңғы ұрпақтардың рухани-философиялық тәжірибесін сіңіріп қана қоймай, Батыс Еуропадағы әлеуметтік ойдың, әсіресе утопиялық философтардың дамуына айтарлықтай әсер етті. Аристотельден кейінгі екінші ұстаздың атындағы көше - достықтың көшесі болғай. Баршаңызды ерекше қуанышпен құттықтаймын», - деді Дархан Қыдырәлі. 

Айта кетерлігі, Израильдің Хайфа қаласында әл-Фараби атындағы көше 1960 жылы ашылған. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар