18 мам, 2020 сағат 02:21

Израиль үкіметін екі партия кезек басқаратын болды

Израиль кнессеті Биньямин Нетаньяху басқаратын үкіметке сенім білдірді. Кнессеттің 43 депутаты қолдап, 46-сы қарсы болды. Израильде 2019 жылдың басынан бері тұрақты үкімет болмаған.

Бұл үкімет Нетаньяхудың "Ликуд" партиясы мен Израиль армиясы бас штабы бастығының бұрынғы орынбасары Бени Ганцтың "Кахоль-Лаван" партиясы арасындағы коалиция келісімінен кейін құрылды. Екі партия жетекшісі бір жарым жылдан кезектесіп премьер-министр қызметін атқаратын болды. Осылайша 18 айдан кейін премьер қызметіне Бени Ганц отырады. Оған дейін қорғаныс министрі қызметін атқара тұрады.

Жексенбі күні кнессет отырысын премьер-министр Биньямин Нетаньяху ашты. Ол бірінші кезекте корнавируспен күреске назар аударатынын айтты.

Кешеге дейін Нетаняхудың саяси қарсыласы болып келген "Кахоль Лаван" партиясының жетекшісі Бени Ганц бір үкіметке бірігудің оңай болмағанын мәлімдеді.