22 қар, 2023 сағат 10:55

Израиль мен ХАМАС келісімге келді

Фото: depositphotos.com

Израиль мен ХАМАС келісімге келді. Келісім әскери қимылдарды төрт күнге тоқтатуды қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы haaretz.com сайтына сілтеме жасап.

Келісім аясында Хамас кепілге алынған 50 әйел мен баланы, ал Израиль 150 палестиналық тұтқынды (негізінен әйелдер мен балалар) босатады.

Израиль шенеунігі босатылады деп күтілген 50 адам Израиль азаматы немесе қос азаматтығы бар Израиль азаматтары болады және шетелдік азаматтар бұл алмасуға қатыспайды деп мәлімдеді. Сонымен қатар Израиль күніне 300 гуманитарлық жүк көлігіне Египетпен шекарадағы"Рафах" өткелі арқылы Газаға кіруге рұқсат береді.

Егер екі тарап тұтқындар мен кепілге алынғандарды айырбастауға ұқсас 3:1 қатынасына келіссе, үзіліс белгісіз уақытқа ұзартылуы мүмкін.

Сонымен қатар тараптар Израиль авиациясының елдің оңтүстік бөлігінде төрт күнге, ал солтүстік бөлігінде сағат 10:00-ден 16.00-ге дейін алты сағатқа ұшуды толық тоқтату туралы келісімге келген.