Фото:depositphotos.com
Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату режимін бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.
Израиль мен палестиналық ХАМАС радикал тобы арасындағы төрт күндік гуманитарлық бітім Астана уақытымен сағат 11:00-де күшіне енді.
Осы уақыт ішінде кепілге алынған израильдік 50 және палестиналық 150 тұтқын - әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылуы керек.
Қатар делдал бола отырып қол жеткізілген келісімге сәйкес, ХАМАС лаңкестік ұйымы кепілге алған алғашқы 13 адам Астана уақытымен сағат 20:00-де босатылады. Израиль жұмада кепілге алынғандардың аты-жөнінің алдын ала тізімін алғанын растады.