15 қар, 2018 сағат 12:54

Израиль қорғаныс министрі ХАМАС-пен бітімге келіспей, отставкаға кетті

Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерман ХАМАС ұйымымен бітім жасасуға келіспей, отставкаға кетті. Бұл туралы Jerusalem Post газеті жазды.

Таяуда ел үкіметі ХАМАС-пен соғысты тоқтатып, бітімге келуге уағдаласқан. Палестина автономиясының өкілдері келісімді Израильдің өзі бұзбайынша, бітім күшінде қала беретінін мәлімдеген. Ал Израиль әскери билігі Газа секторына әуе соққысын жалғастыра беруге бұйырды. Қорғаныс министрінің ресми өкілі Авигдор Либерманның бітімді қолдамайтынын мәлімдеді.

Бірер күн бұрын Израиль Газа секторындағы ХАМАС штаб-пәтеріне шабуыл жасаған. Еуропа Одағы аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты алаңдайтынын білдірген. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қақтығысқа қатысы бар тараптарды барынша ұстамды болуға шақырған.