14 мау, 2021 сағат 12:54

Іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды – ІІМ


Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 307 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір апта ішінде 3 307 қылмыс жасалды, оның 2 207-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 34 қарақшылық пен тонауды және 511 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз. 

Сонымен қатар ресми өкілдің атап өтуінше, бір апта ішінде жедел алдын алу іс-шаралары барысына іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды.