Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз Иван Дычко ширек финалда нигериялық Эфе Аджагбаны жеңді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Иван алғашқы раундта сәтті жұдырықтасып, басымдылық танытты. Екінші кезеңде де жойқын соққыларын дәл бағыттап, ұпай санын еселей түсті. Шешуші раундта қос боксшы да алма кезек соққылар алмасып, келесі кезең жолдамасы үшін барын сала жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында жрлесіміздің басымдылығы айқын көрініп тұрды. Қорытынды есеп - 3:0 (29-28, 29-28, 29-28).
Осылайша қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды. Иван Лондон олимпиадасында Қазақстан қоржынына қола медаль салған болатын.
Ұлт порталы