"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз Иван Дычко жартылай финалдық жекпе-жекте британ боксшысы Джозеф Джойсты жеңіліп, қола медальды місе тұтты", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бірінші раундта төрешілер қазақстандық боксшыға жеңісті берген. Ал екінші және үшінші раундта ұлыбританиялық боксшының белсенділігі байқалды. Қорытынды есеп – 1:2 (28:29, 28:29, 28:29)
Еске сала кетейік, Иван алғашқы кездесуін әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовке қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал, ширек финалда ол нигерия боксшысы Эфе Аджагбаны тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алған еді.
Биылғы жылы бокстан ерлер құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құрамда барған еді. Әзірге боксшыларымыздың еншісінде бір алтын, екі күміс жүлде бар. 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Данияр Елеусінов алтын жүлде иемденсе, 91 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Василий Левит пен 81 келіде жұдырықтастқан Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді.
Ұлт порталы