#
#
Сенбі 23/01/2021

Италияда ТЖ режимі сәуірдің соңына дейін ұзартылады

  • 13.01.2021
  • 0
  • 293

Италия билігі коронавирусқа байланысты елдегі ТЖ режимін 2021 жылғы сәуірдің соңына дейін ұзартады, деп хабарлайды ANSA агенттігі.

ТЖ режимін ұзарту туралы Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца мәлімдеді. Ол Италия үкіметі елдің «қызыл» ғана емес, сондай-ақ «сары аймаққа» да енген өңірлері арасында адамдар қозғалысына тыйым салуы мүмкін екенін айтты. 

«Біз елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын көріп отырмыз. Эпидемия қайтадан өрістеу кезеңінде. Осыған байланысты Италияда ТЖ режимі 2021 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылады», - деді Роберто Сперанца. 

Еске сала кетейік, қазан айында Франция мен Италия коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекорд орнатқан еді. Жаңа вирустан болған тәуліктік өлім жағдайларының саны 43-тен 83-ке дейін, яғни екі есеге артқан болатын. Елде пандемия басталғалы тіркелген өлім деректерінің жалпы саны 36 000-нан асады. Сондай-ақ Италияда коронавирус инфекциясына жүргізілген тест саны да 163 000 болып, рекордтық көрсеткішке жетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар