17 мам, 2022 сағат 13:54

Іссапарға бәрімен бірге эконом-класпен ұшамын – Тоғжанов

© Sputnik / Владислав Воднев

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Үкімет мүшелері іссапарға жеке ұшақпен ұшып, миллиондаған ақша жұмсайды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

"Менің қызметтік көлігім – Мерседес, бағасын білмеймін. Министрлер жеке ұшақпен ұшады дегенді естіген жоқпын. Жуырда мен Жамбыл облысына рейстік Scat-пен ұштым. Ол жерде бәрімен бірге отырасың, бизнес жоқ, бүкіл орын бірдей", -деп жауап берді Тоғжанов үкімет кулуарында журналистердің сұрағына.

Айтуынша, кейде жақын өңірлерге автокөлікпен барады. Мысалы, Қарағандыға солай барған.

"Мен әр министрді бақыламаймын. Министрлердің жеке ұшағы жоқ, сол себепті олар рейстік ұшақпен ұшады", - деп нақтылады вице-премьер.

Бұған дейін әлеуметтік желіде үкімет мүшелерінің бір сапарына бюджеттен 10 миллион теңге жұмсалады деген ақпарат тараған болатын.