Фото: AP Photo
Испаниялық Родри (Родриго Эрнандес) футболдан 2024 жылғы «Алтын доп» иегері атанды, деп хабарлайды Ult.kz.
Биыл 68-ші мәрте өткізілген дәстүрлі іс-шара әлемдегі үздік футболшыларды анықтау мақсатында қолға алынған. 1956 жылдан бері «France Football» журналының қолдауымен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Ереже ойынша ерлер мен әйелдер арасында «Алтын доп» иегері анықталып, 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында «Копа трофейі», үздік қақпашыға «Яшин трофейі» берілді. Сондай-ақ үздік ерлер және әйелдер командалары анықталды. Ал өткен маусымдағы үздік сұрмергенге Герд Мюллер трофейі табысталды.
Биыл олардың қатарына тағы екі жаңа марапат қосылды. Енді ерлер және әйелдер командалары арасында үздік бапкерлер есімі белгілі болды.
Үздік футболшы: Родри («Манчестер Сити», Импания құрамасы).
Үздік әйел футболшы: Айтана Бонмати («Барселона», Испания құрамасы).
Копа трофейі: Ламин Ямаль («Барселона», Испания құрамасы).
Мюллер трофейі: Харри Кейн («Бавария», Англия құрамасы), Килиан Мбаппе («ПСЖ» / «Реал», Франция құрамасы).
Яшин трофейі: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла», Аргентина құрамасы).
Үздік клуб (ерлер): «Реал Мадрид».
Үздік клуб (әйелдер): «Барселона».
Үздік бапкер (ерлер): Карло Анчелотти («Реал Мадрид»).
Үздік бапкер (әйелдер): Эмма Хейз («Челси», АҚШ құрамасы).