19 ақп, 2021 сағат 08:36

Испанияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап.

«Жоба Қазақстан Елшілігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі оқиғасына орай жүзеге асырылды. Маркада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 30 жылдығының логотипі бейнеленген және испан тілінде әрбір қазақстандықтың жүрегіне ыстық жазылған.

Хат алмасудың күнделікті нышаны болып табылатын пошта маркасы испаниялықтарға Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойын еске салады», делінген хабарламада.

Кейінірек марканың арнайы өшіру рәсімін өткізу және оны Испания филателист ұйымдарға жіберу жоспарланып отыр.