Бүгін Испания жолдарымен көпкүндік веложарыс - «Вуэльта Каталония» басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың бірінші кезеңінде жеңіске «Lotto Soudal» командасынан дат велошабандозы Андреас Крон жетті, «Астананың» испаниялық мүшесі Луис Леон Санчес екінші болып келді, «Cofidis, Solutions Crédits» командасының спортшысы – француз
Реми Роша үздік үштікті түйіндеді.
«Астана» велокомандасының қалған мүшелері келесі нәтиже көрсетті:
Харольд Техада — 19-ыншы, Стефан Де Бод — 49, Мерхави Кудус — 49, Мерхави Кудус — 91, Вадим Пронский — 148. Осы нәтижелердің арқасында «Астаналықтар» турнирдің осы кезеңінде жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті.
«Вуэльта Каталония». Бірінші кезең.
Calella — Calella. 178.4 километр
1. Андреас Крон (Дания, «Lotto Soudal») — 4:20:15
2. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана»)
3. Реми Роша (Франция, «Cofidis, Solutions Crédits»)
19. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +0:16
32. Оскар Родригес (Испания, «Астана»)
49. Стефан Де Бод (Оңтүстік Африка Республикасы, «Астана»)
91. Мерхави Кудус (Эритрейя, «Астана») — +8:30
148. Вадим Пронский (Қазақстан, «Астана») — +14:34
156. Йонас Грегард (Дания, «Астана»).