#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Испания шілдеден бастап туристерді қабылдауға әзір

  • 24.05.2020
  • 0
  • 211

Испания премьер-министрі Педро Санчес сенбі күні айында елдің туристер қабылдауға дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" The Local онлайн басылымына сілтеме жасап.

«Шілде айынан бастап шетелдік туристердің қауіпсіз жағдайда Испанияға келуі бұрынғы қалыпқа келтіріледі», - деп жариялады Санчес баспассөз мәслихатында. 

Испания жыл сайын 80 миллионнан астам туристі қабылдайды, ал туризм – ел экономикасының ең маңызды саласы. 

«Шетелдік туристер демалысын біздің елімізде өткізуді жоспарлай алады», - деп атап өтті министрлер кабинетінің басшысы. 

«Испания туризмге мұқтаж, ал туризм саласында елге келу-кету бағдарында қауіпсіздік қажет. Біз туристер төніп тұрған қауіптің жоқ екеніне кепілдік береміз», - деп атап өтті Педро Санчес. 

Бұған дейін Испания үкіметі жаңа коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге 15 мамырдан бастап келетін адамдардың барлығына екі аптаға карантинге жатқызуды қолға алатынын хабарланған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар