09 там, 2020 сағат 21:50

Ісмақова: Абай шығармалары – біздің замандастарымыз үшін ең үлкен қозғаушы күш

Филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Айгүл Ісмақова Абай мұрасының маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мереке адамға бір сәт кідіріп, рухани күйіне назар аударуға мүмкіндік береді. Абайдың шығармаларын оқу керек және дәл қазір адамдарға Абай өте қатты қажет. Абайдың жазбаларынан қазіргі жағдайдан қалай шығуға болатынына жауап табуға болады (қазіргі коронавирустық пандемия жағдайы туралы). Әр адам өзін және айналасындағылардың ауырып қалмауын ғана емес, сонымен бірге бүкіл елге қалай көмектесуге болатындығы туралы ойлануы қажет. Біз бір-бірімізге мейірімді және ілтипатты болуымыз керек», дейді Айгүл Ісмақова. 

Сонымен қатар, ол Абайдың шығармаларын карантин кезінде қайта зерделеп, оқуға кеңес берді.

«Абай шығармалары – біздің замандастарымыз үшін ең үлкен қозғаушы күш. Абай – бұл өмірді лайықты сүріп, абыройың мен қадір-қасиетінді қалай сақтауға болатындығы туралы мотивация жүйесі», – деп сөзін түйіндеді филолог.