Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев (90 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде) Тунистегі әлемдік Гран-при кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Финалдық бәсеге дейін Бозбаев Лондон олимпиадасының қатысушысы тунистік Джобран Ананды (иппон), словакиялық Петер Жилкті (вазари), чехиялық Давид Кламертті (иппон) жеңді. Ал ақтық жекпе-жекте бірнеше секунд ішінде әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған, Венгриядан келген спортшы Криштиан Тотомды (иппон) жеңді.