19 жел, 2018 сағат 19:51

Ішкі істер министрлігі полицейлердің жаңа киім үлгісін көпшілік талқысына шығарды

Ішкі істер министрлігі қазақстандық полицейлердің жаңа киім үлгісінің жобасын көпшілік талқысына ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің жұмыс киімі соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді.

«Формаға қойылатын негізгі талаптар - оның қолайлылығы, тартымдылығы және артық элементтердің болмауы. Киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешекпен кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылады», делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі барша халықты полицейлердің жаңа киім үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуға шақырады. Киім үлгілерімен ІІМ-нің Инстаграмдағы ресми парақшасынан таныса аласыздар.