Иранда апатқа ұшыраған ұшақтың бортында қазақстандықтар бар-жоғын ҚР СІМ нақтылап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметінің Телеграм каналына сілтеме жасап.
«Қазақстанның Ирандағы елшілігінің ақпараты бойынша, Тегеран маңында апатқа ұшыраған Boeing 707 ұшағының бортында қазақстандықтар туралы ақпарат әлі жоқ. Біздің дипломаттар Иран құзырлы органдарымен және Ирандағы Қырғызстанның елшілігімен байланыста. Нақтыланған ақпарат қосымша беріледі», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Иран астанасы Тегеран қаласының маңында «Боинг-707» ұшағы құлап, он адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.