30 қаң, 2023 сағат 14:28

Иранда зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

© AFP 2023 / SOHEIL FARAJI

Ирандағы жер сілкінісі мен жарылыстар кезінде зардап шеккен қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен демалыс күндері Ирандағы әскери нысандарда бірнеше жойқын жарылыс болды. Бірқатар қалада әуе дабылы қағылды. Ал солтүстік-батыс жағында 5,8 балдық жер сілкінісі болды.

"Иран билігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ. Біздің елшілігімізге де ондай ақпарат түскен жоқ", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.

Сондай-ақ министрліктің ресми өкілі Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылдан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл - сериялық шабуылдар емес. Сондықтан Қазақстанның Ирандағы елшілігінің қауіпсіздік шараларын күшейтуге негіз жоқ.