Иранның Фордодағы жер асты зауытында уран байытуды бастағаны Тегеран мен әлемнің жетекші елдерінің арасындағы келісімге нұқсан келтіреді, - деп мәлімдеді БҰҰ атом энергетикасы бойынша агенттігі (МАГАТЭ). Ұйымның Венадағы штаб-пәтері Иранның байытылған уран қоры көбейіп келе жатқанын атап өтті.
Reuters агенттігі Иран ұстанымы 2015 жылы жасалған халықаралық келісімде көрсетілген шектеулерге қайшы деп көрсетеді.
Иран билігі уран байытуға қайта кіріскенін АҚШ-тың 2018 жылы жасалған «ядролық келісімнен» шығуына жауап деп санайды. Ол келісімге БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция қол қойған еді. Оған Германия да қосылған. Иран билігі егер АҚШ Вашингтон келісімнен шыққаннан кейін енгізген санкциялардың күшін жойса, уран байыту ісін қайта қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.