09 мау, 2020 сағат 15:31

Иран билігі Сүлейманидің өліміне қатысы бар деп айыпталған адамды өлім жазасына кесті

Иран билігі генерал Касем Сүлейманидің өліміне қатысы бар деп айыпталған адамды өлім жазасына кесті. Тергеу органдары айыпталушы Америка және Израильдің барлау қызметімен астыртын байланысып, оларға әскерилер туралы (Сүлейманидің қайда екенін де) мәлімет сатқан деп санайды. 

Соттың ресми өкілі Ғоламхуссейн Есмаили 9 маусымда Сейед Махмуд Мусави-Маджді өлім жазасына кесу үкімі жақында орындалатынын айтты. 

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының арнайы жасағы "Әл-Құдысты" басқарған Касем Сүлеймани 3 қаңтарда АҚШ әскерінің әуе соққысы кезінде Бағдатта қаза тапқан болатын. Тегеран "кек қайтару үшін" АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын атқылаған. Ондаған әскери сарбаз жарақаттанған.

Екі ел арасында жағдай ушығып тұрған кезде Иранның әуе қорғаныс жүйесі "Боинг-737" жолаушылар ұшағын қателесіп атып түсірген. Ұшақ апатынан 176 адам қаза болды. Осы аптада Тегеран ұшақ апаты ісі бойынша алты адамның ұсталғанын хабарлады.