14 шіл, 2021 сағат 01:34

Ирактағы өрт: ауруханада қаза тапқандар саны 124-ке жетті


Ирактың оңтүстігіндегі Ди-Кар провинциясы Ан-Насирия қаласындағы коронавирус жұқтырған науқастарға арналған ауруханада өрттен қаза тапқандардың саны 124-ке жетті, деп хабарлайды Al Hadath телеарнасы.

Бұған дейін қайғылы оқиғаның 92 құрбаны туралы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта марқұмдардың денелерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Провинцияның азаматтық қорғаныс бөлімінің мәліметінше, оқиға құрбандарының денелері әлі де табылуы мүмкін. 

Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казимидің айтуынша, өртке қатысты тергеудің алдын ала нәтижелері бір апта ішінде белгілі болады. Сонымен қатар, Ди Кар провинциясының апелляциялық соты 13 денсаулық сақтау саласының 13 қызметкерін қамауға алуға санкция берді.

Өрт дүйсенбіге қараған түні оттегі баллонының жарылысы салдарынан орын алды. Оқиғаға байланысты Саддам ат-Тавил провинциясының денсаулық сақтау министрі қызметінен кету утуралы өтініш жазды. Өз кезегінде Ирак премьер-министрі әл-Казими қайғылы жағдайдың себептері мен барлық жағдайларын тергеу үшін арнайы комиссия құруды тапсырып, елде құрбан болғандарға аза тұту күнін жариялады.