Ираклий Гарибашвили Грузияның премьер-министрі лауазымына тағайындалды. Бүгін парламент отырысында оны қолдап 89 депутат дауыс берсе, екі депутат қарсы болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Грузия жаңалықтарына» сілтеме жасап.
Ираклий Гарибашвили - 38 жаста, ол бұған дейін Қорғаныс министрі болған.
Осылайша, Грузия тарихында саясаткер алғаш рет премьер-министр лауазымына екінші мәрте тағайындалып отыр.
Жаңа премьерді билік партиясы Георгий Гахария отставкаға кеткен соң ұсынуға мәжбүр болды. Ол 18 ақпанда арнайы брифинкте отставкаға кететінін мәлімдеген еді.
Еске сала кетсек, «Грузия арманы» партиясы 2012 жылы парламент сайлауында жеңіске жеткен соң, бес мәрте үкімет кабинеті ауысты. Бесінші премьер Георгий Гахария 2019 жылы қыркүйекте тағайындалған.
Жаңа министрлер кабинетінде екі ведомство басшысы ғана жақында тағайындалған болатын.
Қорғаныс министрі болып Джуаншер Бурчуладзе, отставкаға кеткен вице-спикер, инфрақұрылым және өңірлік даму министрі Майя Цкитишвилидің орнына Ираклий Карселадзе келді.