05 жел, 2016 сағат 19:29

Индустрияландыру картасы бойынша анықтама

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында 4 трлн. теңгенің 961 жобасы іске қосылды, 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Соның ішінде 2016 жылдың 10 айында 179,2 млрд. теңгенің 63 жобасы жүзеге асырылып, 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бергі аралықта жасалған жобалар бойынша 7,5 трлн. теңге шамасында өнім өндірілді, соның ішінде 2016 жылдың 10 айында - 1,8 трлн. теңгенің өнімі өндірілді.

Орташа есеппен, Карта жобаларын іске қосу арқылы ай сайын 160 млрд. тенге сомасынан астам өнім өндірілуде.

Сонымен қатар, Карта аясында іске асырылған жобалардың есебінен 2016 жылдың 10 айында жалпы өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 18,1%-ы өндірілді.

Индустрияландыру бойынша жүргізілген жұмыстардың есебінен өңдеуші өнеркәсіп құрылымы өзгеріске түсті.

Өнеркәсіптің металлругия және азық-түлік сынды дәстүрлі мықты салаларына қосымша, қарқынды даму үстіндегі жаңа салалары пайда болды: титан өнеркәсібі, сирек металлдар саласы, теміржол машина жасау, күн энергиясы.

Жаңа индустриялық жобалар көптеген аймақтардың индустриялды дамуына серпін берді. Мәселен, Индустрияландыру картасының арқасында:

Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің Астана қаласында жартысынан астамы (56,5%), Ақмола мен Маңғыстау облыстарында 40%-дан астамы ( сәйкесінше 44,7%, 44,1%) Индустрияландыру картасы жобаларынан өндірілген.

Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – барлық көлемнің ширек бөлігі (сәйкесінше 31,3%, 28,6%, 22,3%) Индустрияландыру картасы жобаларынан өндірілген.

2015 жылы ІЖӨ өсімінің үштен бірі Карта жобаларының есебінен алынды. (1,2% -дан 0,39 пайыздық пункт)

Тұтастай алғанда, карта бойынша іске асырылған жобалар қазақстанда бұрын өндірілмеген өнімнің 500 түрін шығара бастады: жүк және жолаушылар вагоны, электровоздар, жүк, жеңіл автомобильдер және автобустар, трансформаторлар, рентген құрылғысы, жарықдиодты жарық бергіштер, титан құймалары мен қалақшалары, дәрілік заттар, сүт өнімдері және басқа.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында жалпы сомасы 11 трлн. теңгені құрайтын, 70 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 400 жоба жүзеге асырылу кезеңінде.

Соның ішінде жыл соңына дейін жалпы сомасы 700 млрд теңгені құрайтын, 7 мыңға тарта тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін тағы 60 жобаны іске асыру жоспаларланған.