05 нау, 2019 сағат 09:31

Импорттың үлесін азайтамыз - Асқар Мамин

Бүгін Үкімет отырысында 2019–2021 жылдарға арналған жеңіл және жиһаз өнеркәсібін, құрылыс индустриясын дамыту бойынша Жол карталарының жобалары мақұлданды.

Ұсынылатын шаралар туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, сондай-ақ Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Е. Бахмутова баяндады.

Үкімет басшысының айтуынша, жеті жылдан кейін импорттың үлесі 59 проценттен 37-ге дейін түседі. Есесіне отандық тауарлардың көлемі артады. Осыған байланысты өңдеуші кәсіпорындары әртараптандыру шаралары жалғасады.

«2019-2025 жылдары аралығында 300-ге жуық жоба іске асатын болады. Болжамға сәйкес, 2025 жылға қарай қарапайым заттар экономикасы тауарларын өңдеу көлемі 4 триллион теңгеден 9 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Сол кезде бүкіл Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл - аса маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет», - деді А.Мамин.