15 нау, 2021 сағат 13:56

Иманғали Тасмағамбетов "КАМАЗ" директорлар кеңесіне кіруі мүмкін

"КАМАЗ" директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетовтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы компания сайтындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"КАМАЗ" директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне мәселелер енгізу мен кандидаттарды директорлар кеңесіне және компанияның тексеру комиссиясына сайлау үшін енгізу туралы ұсыныстарын қабылдады.

"Сондай-ақ, алғаш рет директорлар кеңесі сайлау үшін екі кандидатура ұсынылды: "КАМАЗ" ЖАҚ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырьков және Иманғали Тасмағамбетов.

Кирилл Пузырьков - 2020 жылы 6 қазанда кенеттен қайтыс болған "КАМАЗ" ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі Александр Васильевтің мұрагері. Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды", - делінген хабарламада.