15 шіл, 2021 сағат 18:45

Имамдар вакцина шыққан сәттен оны салғыза бастады – Бас мүфти


Шариғат вакциналауға қарсы емес. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы вакциналау жөнінде мәлімдеме жасады. Жалпы шариғат вакциналауға қарсы емес. Ерікті түрде қалаған адам екпе салдыра алады. Алла тағала қасиетті Құранда «Өз қолдарыңмен өз жандарыңа, денсаулықтарыңа зиян жеткізбеңдер» дейді. Сондықтан, ҚМДБ қарасты көптеген имамдарымыз вакцина алғашқы шыққан сәттен бастап қабылдады. Ал орталық аппаратқа келсек, діни басқарма қызметкерлерінің 90 пайызға жуығы вакцина алып үлгерді. Шариғат ел амандығы үшін, адамның амандығы үшін соған үндейді, насихаттайды», - деп жауап берді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.