20 қаң, 2024 сағат 11:20

Илья Мизерных жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды

Фото: Сали Сабиров

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты. 

Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша отандасымыз "алтынды" жеңіп алды.

Күміс медальға австриялық Никки Хамл ие болса, "қоланы" польшалық Лукас Лукащук місе тұтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан спортшылары қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль алмаған.