Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын зілтемірші Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло қорғайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
16 қыркүйек күні Таиландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионаты ашылады. Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшыларды атады.
«Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан екі спортшы бақ сынайды. Олар – Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі)», делінген хабарламада.
Қазақстан ерлер командасының тізімі:
55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон
89 келі: Денис Уланов,
81 келі: Нихат Рахымов, Айдар Қазов
96 келі: Илья Ильин
109 келі: Ибрагим Берсанов.
Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.