Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Қазақстан спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Мен Қазақстан спортшылар одағының @sportodagy Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Туған өңірімде спортты дамыту бойынша үлкен жоспарларым бар. Өз алдыма үлкен мақсаттар қойып отырмын және оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын!», - деп жазды И.Ильин Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ спортшы аталмыш филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелгенін мәлім етті.