28 қыр, 2018 сағат 16:05

Илья Ильин Әлем чепионатына қатысады

Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды. Құрама сапында допинг дауынан кейін спортқа оралған Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло да бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Биылғы әлем чемпионаты 1-10 қараша аралығында өтеді. Түрікменстан елінің астанасында 16 медальдар жиынтығы сарапқа салынатын болады.

Қазақстан құрамасы жаттықтырушыларының кеңейтілген отырысында әлем чемпионатына қатысатын ауыр атлеттер анықталды. Құрама қазіргі таңда Сочиде оқу-жаттығу жиынында жүр.

Қазақстан ерлер құрамасы: Арли Чонтей (55 кг), Фархад Харки (67 кг),  Нижат Рахимов (73 кг), Айдар Қазов (81 кг), Денис Уланов (89 кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Илья Ильин (102 кг), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов (екеуі де - 109 кг) және Елдос Сайлау (+ 109 кг).

Қазақстан әйелдер құрамасы: Зульфия Чиншанло (55 кг), Сәуле Сәдуақасова (59 кг), Әсем Садықова, Карина Горичева (екеуі де - 64 кг), Надежда Лихачева, Екатерина Столяренко (екеуі де - 71 кг), Екатерина Быкова (76 кг), Раушан Мешітханова (87 кг), Айзада Мүптілда және Александра Аборнева (+ 87 кг)

Айта кетейік, ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионаты IWF атқарушы комитеті шілде айында өзгерткен ереже бойынша жаңа салмақ дәрежелерінде өтеді.