Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған сурет
Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер, SpaceX және Tesla негізін қалаушысы Илон Маск тұңғыш адам миына Neuralink имплантын енгізу процедурасынан өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Бірінші адам кеше Neuralink-тен имплант алды және отадан кейін жақсы сауығып келеді", - деді ол.
Масктың айтуынша, құрылғы жұмысы туралы алғашқы мәліметтер жақсы нәтижелер көрсеткен.
Еске салайық, 2023 жылғы қыркүйекте америкалық бизнесмен Илон Масктың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink импланттарды миға енгізу бойынша клиникалық сынақтар үшін еріктілерді тарта бастады.