Фото: ашық дереккөз
Миллиардер Илон Маск XChat атты мессенджерді іске қоспақшы. iOS-қа арналған қосымшаның ресми іске қосылу күні 17 сәуір деп белгіленген.
Жаңа мессенджер X желісінде аккаунты бар қолданушыларға ғана қолжетімді болады. Қосымшада хат алмасу шифрланған, онда дыбыстық және бейнеқоңыраулар, файл алмасу, топтық чаттар, сондай-ақ хабарламаларды өңдеу және жою мүмкіндігі секілді функциялар болады.
Ақпаратқа сәйкес, XChat интерфейсі минимализм стилінде әзірленбек. Сонымен қатар жаңа мессенджерде жарнама болмайды.
