15 нау, 2019 сағат 13:40

Илон Маск Қазақстанда Tesla қуаттау бекеттерін орнатпақ

Қазақстанда Tesla электромобильдеріне арналған қуаттау бекеттері ашылады. Бұл туралы Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Твиттерде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лос-Анджелесте Tesla Model Y жаңа электромобилінің таныстырылымы өтті. Компания Лондоннан Бейжіңге дейін Supercharger қуаттау бекеттерінің жаһандық желісін құрғысы келеді.

Сонымен бірге, әлеуметтік желіде тараған таныстырылымға қазақстандықтардың қатысқаны және компания басшысы Илон Маскке Қазақстанда бекет ашуды ұсынғаны туралы бейнежазбалар пайда болды.

Жауап ретінде Илон Маск Қазақстанда қуаттау бекеттерін ашуға уәде берген.

«Қазақстанда өте жақсы қолдау білдіріп жатыр. Онда да Supercharger орнатамыз деп ойлаймын», - дейді Илон Маск.

Model Y көлігіне 15 дюйм болатын басқару экраны, дыбыс жүйесі орнатылған және төбесі шынымен жабылған. Standard Range нұсқасында сағатына 100 шақырымға дейін 5, 9 секундта оталады, Performance нұсқасында - 3,5 секунд. Қуатталған электромобильмен 320 және 450 шақырым жүруге болады.